ШҚО-да су тасқынының алдын алу үшін тәулік бойы мониторинг жүргізілуде

Шығыс Қазақстан облысында (ШҚО) су тасқынының алдын алу бойынша тәулік бойы мониторинг жүргізілуде.

Облыста ауа температурасының жоғарылауы байқалып, қардың қарқынды еруі басталды.
Құтқарушылар өзендердің мұздан ашылу барысын бақылап, су тасқыны қаупі бар учаскелерді ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалана отырып тексеріп жатыр.
Бұл жұмыстар жүргізілген су тасқынына қарсы іс-шаралардың тиімділігін бағалауға, сондай-ақ тасқын қаупі туындаған жағдайда уақтылы шаралар қабылдауға бағытталған.
Бақылау нәтижелері бойынша гидрологиялық жағдай тұрақты екені анықталды. Облыстың көптеген өзендерінде мұз құбылыстарының әлсіреуі байқалады, ал кейбір өзендерде мұздан ашылу жүріп жатыр. Қауіп төндіретін су деңгейінің көтерілуі тіркелген жоқ.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


