ШҚО-да су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізілуде

Шығыс Қазақстан облысында су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізілуде.

ҚР ТЖМ Қасым Қайсенов атындағы № 68303 әскери бөлімінің жеке құрамы Шығыс Қазақстан облысы Алтай қаласының ТЖД қызметкерлерімен бірлесіп су тасқыны кезеңінің қауіпсіз өтуін қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар кешенін жүргізді.
🌊 Негізгі назар су өткізуге, арықтар мен су өткізу арналарының тазартылуына аударылды. Бұл тұрғын аумақтарды су басу қаупін төмендетуге мүмкіндік береді.
📢 Сонымен қатар, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді: су тасқыны қаупі төнген жағдайда қауіпсіздік шаралары мен іс-қимыл тәртібі бойынша ұсыныстар жазылған ақпараттық парақшалар таратылды.
Өткізілген іс-шаралар барысында әскери қызметшілер 450 қап дайындап, 3800 м арық жүйесін, 19 су өткізу құбыры мен 7 көпірді тазалады.


