Бірқатар ел басшылары Қасым-Жомарт Тоқаевты Наурыз мерекесімен құттықтады

Бірқатар мемлекет басшылары Қасым-Жомарт Тоқаевты Наурыз мерекесіне орай құттықтап, оның мемлекеттік қызметіне табыс, ал Қазақстан халқына бейбітшілік пен өркендеу тіледі.
🇷🇺 Ресей Президенті Владимир Путин стратегиялық әріптестік пен одақтастықтың жоғары деңгейін атап өтіп, оның алдағы уақытта да дами түсетініне сенім білдірді.
🇨🇳 ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин екіжақты қатынастардың серпінді дамуын атап өтіп, ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екенін жеткізді.
🇺🇿 Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Наурыздың мемлекетаралық байланыстарды нығайтудағы маңызын атап өтті.
🇰🇬 Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров мерекенің халықтар достығын күшейтіп, береке әкелетінін айтты.
🇹🇯 Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон екі ел халқының игілігі үшін стратегиялық әріптестік пен одақтастықтың одан әрі дамитынына сенім білдірді.
🇹🇲 Түрікменстан Президенті Сердар Бердымухамедов мерекенің біріктіруші рөлін атап өтті.
Сондай-ақ Мемлекет басшысын Әзербайжан Президенті Ильхам Алиев, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Иран Президенті Масуд Пезешкиан, Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф, Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Кубанычбек Омуралиев құттықтады.
https://t.me/chinovnik_kz


