Қазақстанда заң шығару бастамасы құқығы бар жаңа консультативтік орган — Халық Кеңесі құрылады

Қазақстанда заң шығару бастамасы құқығы бар жаңа консультативтік орган құрылады. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының жұртшылығы алдында сөйлеген сөзінде мәлімдеді.
Жаңа құрылым Халық Кеңесі деп аталады.
Президенттің айтуынша, Халық Кеңесі қоғамдық-саяси өмірдің ең өзекті мәселелерін талқылайды, сондай-ақ заң жобаларын Құрылтайдың қарауына енгізеді. Осылайша, Халық Кеңесі заң шығару бастамасы құқығына ие болады.
Сенбі, 21 наурыз күні Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түркістан облысына барды. Сапар түркі әлемінің қасиетті орындарының бірі — Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне барудан басталды. Одан кейін Мемлекет басшысы Түркістан облысының жұртшылығы алдында сөз сөйледі.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


