Қасым-Жомарт Тоқаев Ирактың жаңа президенті Низар Амидиді құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ирак президентіне жеделхат жолдады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Низар Амидиді Ирак президенті қызметіне сайлануымен құттықтады.
Қазақстан Президенті Ирак пен оның халқының өркендеуін қамтамасыз етуге бағытталған саяси бастамаларын іске асыруда табыс тіледі.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев дәстүрлі достық пен өзара қолдау байланыстарына негізделген екіжақты ынтымақтастықтың алдағы уақытта да дами беретініне сенім білдірді.
Еске салайық, 11 сәуірде Ирак парламенті Низар Амидиді елдің жаңа президенті етіп сайлады. Осылайша билік қалыптастыруға кедергі келтірген және шамамен бес айға созылған саяси дағдарыс аяқталды.
Дауыс берудің екінші турында Амиди 227 дауыс алып, қарсыласы Мутанна Амин Надерден айтарлықтай басым түсті: оған 15 депутат дауыс берген. Тағы жеті бюллетень жарамсыз деп танылды.
58 жастағы Амиди, Күрдістанның Патриоттық одағы ұсынған кандидат ретінде, 2003 жылы Саддам Хусейн режимі құлағаннан кейін Ирактың алтыншы президенті атанды.


