Қарағанды облысында су тасқыны қаупін төмендету жұмыстары жалғасуда

Қарағанды облысында көктемгі су тасқынының алдын алу және оның салдарын азайту мақсатында кешенді іс-шаралар белсенді түрде жүргізілуде.

Бүгін Қарқаралы, Шет, Осакаров аудандары мен Қарағанды қаласының бірқатар ауылдық елді мекендерінде су өткізу құбырлары мен су бұру арналары тазартылды. Нақтырақ айтқанда, 750 метр траншея қазылып, 4900 метр арық тазартылды және 344 су өткізу құбыры ретке келтірілді.
Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында 4660 дана инертті материалдар толтырылған қап дайындалып, су басу қаупі бар учаскелерге орналастырылды.
Жалпы, өңірде су тасқынына қарсы іс-шаралар жүйелі түрде жалғасуда, жағдай тұрақты бақылауда.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


