Қарағанды облысында су тасқынының алдын алу үшін өзендерде жарылыс жұмыстары жүргізілді

Қарағанды облысында көктемгі су тасқыны кезеңінде елді мекендерді су басудың алдын алу және оның салдарын азайту мақсатында облыстың Төтенше жағдайлар департаменті өзендерде қар мен мұзды қопсыту бойынша жарылыс жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Ағымдағы жылдың 18–19 наурыз күндері Нұра және Осакаров аудандарының аумағында орналасқан Құланөтпес, Сабырқожа және Жаманқон өзендерінде жарылыс жұмыстары жүргізілді. Жұмыстардың жалпы ауданы 6600 шаршы метрді құрады.
Аталған шаралар су басу қаупін айтарлықтай төмендетуге, еріген сулардың ағысын жеделдетуге, мұздың жағалаулар мен көпір құрылыстарына түсіретін қысымын азайтуға, сондай-ақ ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...




