Қостанай облысында көктемгі су тасқынының алдын алу үшін өзендерде мұзды жару жұмыстары жүргізілуде

Қостанай облысында көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында өзендерде мұзды әлсірету және мұз кептелістерінің алдын алу үшін жарылыс жұмыстары жүргізілуде.

🔷 Қазіргі уақытта мұзды жару жұмыстары Жангелдин, Наурызым, Сарыкөл, Қарабалық және Алтынсарин аудандарының аумағындағы өзендерде өткізілді. Бұл шаралар өзен арналарында мұз кептелістерінің пайда болу қаупін азайтуға және су тасқынының алдын алуға бағытталған.
✔️ Жүргізіліп жатқан жұмыстарға төтенше жағдайлар қызметінің мамандары мен арнайы ұйымдардың өкілдері тартылған. Барлық жарылыс жұмыстары қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып жүзеге асырылуда.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


