ТЖМ Наурыз мейрамы кезінде мұз үстіндегі қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырды

Наурыз мейрамын тойлау кезеңінде азаматтарды ерекше сақ болуға және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырды.

Көктемгі кезеңде су айдындарындағы мұз ерекше қауіпті болатыны атап өтілді. Мұз сырт көзге берік болып көрінгенімен, осы уақытта өзінің беріктігін жоғалтады. Жыл сайын дәл осы кезеңде жазатайым оқиғалардың саны артады.
Берілген мәліметке сәйкес, ағымдағы кезеңде құтқарушылар 34 адамды, оның ішінде 13 баланы құтқарған.
ТЖМ қызметкерлері ауқымды профилактикалық жұмыстар жүргізіп жатыр:
▫️ 28 мыңнан астам рейд пен патрульдеу ұйымдастырылды
▫️ 102 мыңнан астам азаматпен түсіндіру жұмыстары жүргізілді
▫️ шамамен 47 мың балықшыға нұсқаулық берілді
Сонымен бірге, қабылданып жатқан шараларға қарамастан, кейбір азаматтардың қауіпсіздік талаптарын сақтамайтыны айтылды.
❗️ Еске салынды: мұз қату және мұз еру кезеңінде мұзға шығуға қатаң тыйым салынады.
ТЖМ қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды:
▪️ жұқа және берік емес мұзға шықпаңыз
▪️ бір жерде топпен жиналмаңыз
▪️ жарықшақтарға, ойықтарға жақындамаңыз
▪️ ресми өткелдерден тыс жерлерде мұзға автокөлікпен шықпаңыз
Соңында азаматтарға өздерін сақтауға шақырып, «біз үшін әрбір өмір маңызды» екені атап өтілді.


