Қарағандыда құтқарушылар лифт ішінде қамалып қалған ер адамды шығарып алды

Қарағанды қаласы, Степной-2 шағынауданында орналасқан көп қабатты тұрғын үйлердің бірінде 1988 жылы туған ер адам лифт ішінде қамалып қалды.

Оқиға орнына келген ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары арнайы кілттің көмегімен лифт кабинасының есігін ашып, ер адамды сыртқа шығарды.
❗️ ТЖМ еске салады: кез келген төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыз.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


