Қарағандыда ТЖМ құтқарушылары лифтіде қамалып қалған 2016 жылы туған баланы құтқарды

Қарағанды қаласы 112 пультіне Шахтёрлер көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің біріндегі лифтіде баланың қамалып қалғаны туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері слесарлық құралдардың көмегімен лифт кабинасының есігін ашып, ішінде болған 2016 жылы туған баланы құтқарды.
ТЖМ ескертеді: төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыз.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


