Қарағандыдағы Степной шағын ауданында лифтте қамалып қалған 3 бала құтқарылды

Қарағанды қаласының Степной шағын ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде лифт ішінде балалар қалып қойған.
🏢 112 пультіне түскен хабарлама бойынша оқиға орнына ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары келді.
⛑️ Құтқарушылар арнайы кілттің көмегімен лифт кабинасының есігін ашты. Лифт ішінде 3 бала болған. Зардап шеккендер жоқ.
❗️ ТЖМ кез келген төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалуды еске салады.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...




