2026 жылғы наурызда Қазақстанның қай қалаларында ауа ең көп ластанғаны жарияланды

2026 жылғы наурызда Қазақстанның қай қалаларында ауа ең көп ластанғаны белгілі болды. 68 елді мекен бойынша атмосфералық ауаның ластану деңгейі төмен, жоғарылаған, жоғары және өте жоғары санаттарға бөлінді.
Статистика 2026 жылғы наурыз айында 68 елді мекеннің ішінде:
- Төмен ластану деңгейі — 39 елді мекен;
- Жоғарылаған ластану деңгейі — 16 елді мекен;
- Жоғары ластану деңгейі — 9 елді мекен;
- Өте жоғары ластану деңгейі — 4 елді мекен.
Өте жоғары ластану деңгейі тіркелген 4 елді мекен Қарағанды, Жезқазған, Сәтбаев, Абай.
Жоғары ластану деңгейі тіркелген 9 елді мекен Атырау, Өскемен, Риддер, Теміртау, Павлодар, Түркістан, Талғар, Шұбаршы кенті, Қызылсай кенті.
Жоғарылаған ластану деңгейі тіркелген 16 елді мекен Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Ақтау, Семей, Талдықорған, Петропавл, Тараз, Жаркент, Аягөз, Арал, Шу, Алтай, Кенкияк кенті, Ганюшкино кенті.
Төмен ластану деңгейі тіркелген 39 елді мекен Көкшетау, Орал, Екібастұз, Атбасар, Жаңаөзен, Хромтау, Қандыағаш, Құлсары, Қостанай, Ақсу, Ақсай, Жаңатас, Қаратау, Кентау, Қызылорда, Лисаковск, Жітіқара, Рудный, Арқалық, Балқаш, Сарань, Степногорск, Шемонаиха, Щучинск, Айтеке би кенті, Ақсу кенті, Әуезов кенті, Бестөбе кенті, Бурабай кенті, Глубокое кенті, Индерборский кенті, Бейнеу кенті, Састөбе кенті, Төретам кенті, Ақай ауылы, Бурлин ауылы, Жанбай ауылы, Мақат ауылы, Шиелі ауылы.
Жоғары ластану жағдайлары 2026 жылғы наурызда жоғары ластанудың 32 жағдайы тіркелген. Оның ішінде:
- Қарағандыда — 19 жағдай;
- Жезқазғанда — 3 жағдай;
- Атырауда — 10 жағдай (NCOC компаниясы постының деректері бойынша).
Бақылау қалай жүргізілді Ел аумағында атмосфералық ауаның жай-күйіне бақылау 68 елді мекенде 173 бақылау бекетінде жүргізілген.
Қолмен сынама алатын бекеттер 44 бекет қолмен сынама алу арқылы жұмыс істеген. Олар: Астана, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Тараз, Қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Теміртау, Қостанай, Қызылорда, Ақтау, Павлодар, Екібастұз, Петропавл, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Глубокое кентінде орналасқан.
Автоматты бекеттер 129 бекет автоматты режимде жұмыс істеген. Олар: Астана, Көкшетау, Атбасар, Степногорск, Щучинск, Бурабай кенті, Ақсу кенті, Бестөбе кенті, Алматы, Талғар, Талдықорған, Жаркент, Ақтөбе, Қандыағаш, Хромтау, Шұбаршы кенті, Кенкияк ауылы, Атырау, Құлсары, Жанбай ауылы, Индерборский кенті, Мақат кенті, Ганюшкино ауылы, Өскемен, Алтай, Аягөз, Риддер, Семей, Шемонаиха, Әуезов кенті, Глубокое кенті, Тараз, Жаңатас, Қаратау, Шу, Орал, Ақсай, Бурлин ауылы, Қарағанды, Абай, Балқаш, Жезқазған, Сарань, Сәтбаев, Теміртау, Қостанай, Арқалық, Лисаковск, Жітіқара, Рудный, Қарабалық кенті, Қызылорда, Арал, Айтеке би кенті, Ақай ауылы, Төретам кенті, Шиелі ауылы, Ақтау, Жаңаөзен, Бейнеу ауылы, Павлодар, Ақсу, Екібастұз, Петропавл, Шымкент, Кентау, Түркістан, Састөбе кенті, Қызылсай ауылы.
Стационарлық бекеттерде және жылжымалы зертханалардың көмегімен атмосфералық ауаның ластану деңгейі негізгі және арнайы заттар бойынша анықталады. Олардың қатарында: PM2.5 және PM10 қалқыма бөлшектері, күкірт диоксиді, көміртек оксиді, азот диоксиді, озон, күкіртсутек, сондай-ақ ауыр металдар бар.
Ақпан айындағы дерек Ақпанда өте жоғары ластану деңгейі бар елді мекендер қатарына 3 қала енгізілген: Қарағанды, Сәтбаев және Абай.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


