Талдықорғанда бір көшеге шам орнату 2027 жылға жоспарланғаны туралы жауап әлеуметтік желіде талқыланды

Талдықорған тұрғындары қала көшелерінің бірінде жарықтандыру жоқ екенін айтып, мәселені шешуді сұрап 109 бірыңғай байланыс орталығына жүгінгені туралы ақпарат әлеуметтік желіде жарияланды. Тұрғындардың айтуынша, әңгіме бір шамды орнату туралы болған.
109 орталығында оларға жағдайды видеоға түсіріп, өтінішті қайта жолдауды ұсынған.
Осыдан кейін әлеуметтік желідегі хабарламаға сәйкес, тұрғындар Instagram желісінде бөліскен ресми жауап алған.
"Құрметті қала тұрғындары! Сіздің өтінішіңіз "Бірыңғай байланыс орталығы 109"-да қабылданып, "Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне" жолданды. Жоғарыда аталған органның жауабына сәйкес, ол 2027 жылға арналған жұмыс жоспарына енгізілгенін хабарлаймыз." — делінген жауапта.
Осылайша, жарық шамын орнату бастапқыда 2027 жылға жоспарланғаны көрсетілген.
Әлеуметтік желідегі пікірлер
Instagram-тағы жазба астында тұрғындар жағдайды талқылаған. Пікірлер арасында:
- "Служба 109 работает грамотно, она делает свою работу, передаёт ваше заявление. А раньше вы пошли бы в акимат, писали бы письменно, ждали ответ 14 дней, и вам бы так же написали! Насчет одной лампочки можно было еще раз им написать, они бы ответили. Надо быть добрее и понимать, что это работа!".
- "Помогите ребятам, пожалуйста".
- "Легче самим поставить".
- "Ну вы тоже не наглейте, столько лампочек за раз захотели".
Әкімдіктің түсіндірмесі
Әлеуметтік желідегі жарияланымнан кейін қала әкімдігінде қосымша түсініктеме берілді.
"Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" Instagram-тағы жарияланымды қарап, мердігер ұйым — "Айбын" ЖШС-не тапсырма берілгенін хабарлаған. Ведомство мәліметінше, жауын-шашын аяқталғаннан кейін көрсетілген мекенжай бойынша жарық шамы орнатылады.
Қалалық әкімдікте қосымша нақтылағандай, шам дүйсенбі күні, 20 сәуірде орнатылады.


