Шымкентте жаңа буындағы қоғамдық дәретханалар желісінде ағаш сындырылғаны көрсетілген видео тарады

Шымкенттен түскен видеода қала әкімдігі мен «Мирас» университеті салған жаңа буындағы қоғамдық дәретханалардың тұтас желісі көрсетілген.
Жоба тек дәретханалар орнатумен шектелмей, азаматтарды тазалық пен тәртіпке үйретуді мақсат етеді.
Алайда видеода көрсетілген жағдайға қарағанда, қала тұрғындарының бәрі бірдей мұндай талаптарды сақтай бермейді. Кадрларда бір адамның дәретхана ішінде тұрған үлкен ағашты белгісіз себеппен сындырып кеткені байқалады.
Автор видеодағы жігіттің табылып, жазаланғанын қалайтынын айтып, бұл әрекеттің дұрыс емес екенін атап өтеді.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


