Шымкентте автобус аялдамасын бүлдірген үш тұрғын жауапкершілікке тартылды 🚔

Шымкентте полиция қызметкерлері автобус аялдамасын бүлдірген үш жергілікті тұрғынды анықтады. Оқиға таңғы сағат 6 шамасында болған.
Мәліметке сәйкес, қыздардың арасында жанжал туып, соның салдарынан олар аялдаманың терезесін сындырып, павильонның құрылымына зақым келтірген.
Құқық бұзушылар бейнебақылау камераларының көмегімен жедел түрде анықталып, кейін ұсталды.
Үшеуі де ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар олармен құқыққа қарсы әрекеттерге жол берілмейтіні және мұндай іс-әрекеттер үшін жауапкершілік қарастырылғаны жөнінде профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Полиция әрбір құқық бұзушылыққа міндетті түрде құқықтық баға берілетінін және кінәлі тұлғалар заң алдында жауап беретінін атап өтті.
#ЗАКОНИПОРЯДОК
📱 POLISIA.KZ


