Иран 18 сәуір таңынан бастап әуе кеңістігін ішінара ашты

Иранның Азаматтық авиация басқармасы елдің әуе кеңістігін ішінара ашу туралы мәлімдеді. Ақпаратқа сәйкес, шешім 18 сәуір таңынан бастап күшіне енген.
БАҚ дерегінше, елдің әуе кеңістігінің бір бөлігі жергілікті уақыт бойынша сенбі, 18 сәуір күні таңғы 7:00-де ашылған. Бұл шешім Ұлттық азаматтық-әскери үйлестіру комитетінде жағдай қаралғаннан кейін және ұшу қауіпсіздігі талаптары ескеріле отырып қабылданған.
Мәлімдемеде ұшу құрамына арналған хабарламаға (NOTAM) сүйене отырып, елдің әуе кеңістігі мен бірқатар әуежайлар 18 сәуір күні таңғы 7:00-ден бастап ашылғаны айтылған.
Сонымен қатар, әуежайлардың жұмысы әскери және азаматтық қызметтердің дайындығына қарай біртіндеп қалпына келтірілетіні хабарланды.
Бұған дейін Таяу Шығыстағы қақтығыс басталғаннан кейін алғашқы круиздік кеме Ормуз бұғазы арқылы өткені белгілі болған. Хабарламада Мальта туы астындағы, жолаушыларсыз жүрген және Оманға бағыт алған лайнердің жұма күні Дубайдан шыққаны, докта 40 күннен астам тұрғаны айтылған.


