Алматының Медеу ауданында Mercedes пен Zeekr соқтығысып, үш адам қаза тапты

21 наурызға қараған түні Алматының Медеу ауданында өліммен аяқталған жол-көлік оқиғасы тіркелді.
Полиция мәліметінше, шамамен 03:30-да әл-Фараби даңғылы мен Мендікұлов көшесінің қиылысында Mercedes және Zeekr маркалы автокөліктер соқтығысқан.
Алдын ала дерек бойынша, Zeekr жүргізушісі батыс бағытта келе жатып, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Сол жерде ол қарсы бағытта қозғалып келе жатқан Mercedes көлігімен соқтығысқан.
Салдарынан Mercedes жүргізушісі және оның екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Zeekr жүргізушісі түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Үш адамның өліміне әкелген апат фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


