Алматыдағы саябақтардың бірінде жасөспірімдер тобы қыздарға шабуыл жасады

Алматыдағы саябақтардың бірінде жасөспірімдер тобы қыздарға шабуыл жасағаны хабарланды.
Жәбірленушілердің айтуынша, оларға қатысты агрессивті әрекет жасалып, жеке заттары тартып алынған. Сондай-ақ оларды белгісіз сұйықтықпен құйып жіберген.
Куәгерлердің мәлімдеуінше, дәл осы жасөспірімдер өтіп бара жатқан адамдарға тас лақтырған.
Полиция департаменті аталған факті бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы тексеру жүргізіп жатқанын хабарлады. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, содан кейін заңға сәйкес шаралар қабылданатыны айтылды.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


