8 наурызда Қазақстан құрамасы Италиядағы Паралимпиада-2026 ойындарында парабиатлоннан жарыстарға қатысады

Бүгін, 8 наурызда, Қазақстан құрамасы Италияда өтіп жатқан Паралимпиада-2026 ойындарындағы екінші жарыс күнін өткізеді. Қазақстандық паралимпиадашылар екі спорттық дисциплинада бақ сынайды.
14:30-да парабиатлоннан ерлер арасындағы жеке жарыста (отырып жарысатындар) Қазақстан атынан Ербол Хамитов, Сергей Усольцев және Юрий Березин стартқа шығады.
Қазақстан үшін жарыс күні парабиатлоннан ерлер арасындағы жеке жарыспен (тұрып жарысатындар) аяқталады. 16:30-да стартқа Александр Герлиц шығады.
Барлық жарыстарды тікелей эфирде Qazsport телеарнасы және арнаның сайты көрсетеді.
Кеше Қазақстан Паралимпиада-2026 ойындарындағы алғашқы жарыс күнін өткізді. Спортшылар 7,5 шақырымдық ерлер спринтінде өнер көрсетті: Ербол Хамитов — 8-орын, Сергей Усольцев — 18-орын, Юрий Березин — 25-орын.
Тұрып жарысатындар санатында ел намысын қорғаған Александр Герлиц спринтті 11-орынмен аяқтады.
Зимняя Паралимпиада стартовала в Италии: казахстанцы на церемонии открытия


