Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитов Астанаға оралды

Паралимпиаданың биатлондағы қуу жарысында жеңімпаз атанған Ербол Хамитов Астанаға ұшып келді. Оны елордалық әуежайда ондаған адам қарсы алды.
Чемпионды туыстары мен достары, сондай-ақ көптеген қазақстандықтар дәстүрлі шашумен (кәмпит шашу) және қатты қошеметпен қарсы алды.
Салтанатты шара барысында сахнаға Қазақстанның туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов пен елдің Паралимпиада комитетінің өкілі Бақыт Сапаров көтеріліп, чемпионға өнері мен нәтижесі үшін алғыс айтты.

Ербол Хамитов та сөзін әуежайға жиналған жұртқа алғыс айтудан бастады.
"Всем огромное спасибо, что пришли, поддержали. Буквально два месяца назад наш Президент вручал мне флаг страны, и я ему дал слово, что приложу все усилия, чтобы поднять флаг и над стадионом играл гимн.
Для меня было очень большой ответственностью достойно выступить на зимних Паралимпийских играх. Я мечтал об этом давно. Писал у себя в дневнике, что хочу стать чемпионом мира, хочу стать олимпийским чемпионом", — рассказал он собравшимся зрителям.
Ол сондай-ақ команданың қолдауы мен дайындыққа жасалған жағдайлардың нәтижеге жетуге ықпал еткенін атап өтті.

"Также я хотел бы поблагодарить тех, кто показал мне путь именно в паралимпийский спорт. Он поддержал меня в 2016 году, когда я остался без ноги, это Анатолий и Сергей. Спасибо вам, и спасибо родным и близким, которые всегда поддерживали", — заявил чемпион.
Салтанатты рәсім кезінде оған Астанадағы екі бөлмелі пәтерге сертификат те табысталды.
Ербол Хамитов — Паралимпиададағы тарихи чемпион
Паралимпиада-2026 ойындарында Ербол Хамитов шаңғы спринтінде қола, ал биатлонда алтын медаль жеңіп алды. Ол қысқы Паралимпиада ойындары тарихында бірнеше медаль алған алғашқы қазақстандық атанды.

Сонымен қатар, оның парабиатлондағы жеңісі Қазақстан үшін Паралимпиада тарихындағы алғашқы жеңіс болды.
Ербол Хамитов бала кезінен спортпен айналысқан және 19 жасында аяғынан айырылғаннан кейін де спортты тастамаған: жас жігіттің тізесіне оқ тиіп, ампутация жасауға тура келген.
2017 жылы ол грепплингтен Қазақстан кубогының жүлдегері атанды, алайда ең үлкен жетістіктеріне қысқы спорт түрлерінде қол жеткізді. 2023 жылы паралимпиадалық шаңғы жарысынан әлем чемпионы атағын жеңіп алса, 2025 жылы парабиатлоннан әлем чемпионатының алтынын алған алғашқы қазақстандық болды.

Ербол Хамитов выиграл первое золото Казахстана на Паралимпиаде




