Алматыда сносқа түсетін үйлердің тұрғындары өтемақы мөлшеріне наразы

Алматыда сносқа түсетін үйлердің тұрғындары ұсынылған өтемақы мөлшеріне наразылық білдірді. Жер телімдерінің иелеріне әр сотық үшін 12 миллион теңгеге дейін өтемақы ұсынылып отыр, алайда тұрғындар бұл бағамен келіспейді.
Еркебулан Едикеевтің айтуынша, өздеріне шамамен 45 миллион теңге ұсынылған. Ол бұл сомаға қандай үй сатып алуға болатынын түсінбейтінін айтып, балалардың көшуге қарсы екенін жеткізді.
"Предлагают около 45 миллионов. То есть, ну, 45 миллионов — я не знаю, что можно купить, как вообще, какой дом надо покупать. Дети, конечно, они отказываются. Они плачут, говорят: "Как мы можем куда-то в аул переехать?" Их образование, учеба, их друзья. То есть это садик, школа", — говорит Еркебулан Едикеев.

Аталған ауданда 34 үй сносқа іліккен. Жоспар бойынша, жақын уақытта бұл аумақта саябақ аймағы салынуы тиіс. Алайда тұрғындар бағалау нәтижесіне көңілі толмайтынын айтады: олардың сөзінше, жерді тым арзанға сатып алып жатыр, ал құрылыстар есепке алынбай, тек учаскенің аумағына ғана қаралады. Тұрғындар мұндай өтемақыға тең дәрежедегі баспана сатып алу мүмкін емес екенін алға тартады.

Муса Джумагалиевтің айтуынша, әр сотыққа 10–12 миллион теңге және жылжымайтын мүлік үшін 300 мың теңге ұсынылады. Ол өз учаскесінің барак үлгісіндегі, үш иесі бар үйге тиесілі екенін, өзінде екі сотық та жоқ екенін айтып, бұл ауданнан ұсынылған өтемақыға ештеңе сатып ала алмайтынын жеткізді.
"Это, представляете, 10-12 миллионов за сотку и 300 тысяч за недвижимость. Естественно, мы ничего не можем купить. Вот мой участок, у нас каждого барачного типа, на три хозяина. У меня даже двух соток нет. И что я возьму в этом районе?! Ничего! Туалет только — и всё, что ли?!" — возмущается Муса Джумагалиев.

Алматы әкімдігінде өтемақы көлемін тәуелсіз бағалаушылар анықтайтынын, ал шенеуніктердің оларға ықпал ете алмайтынын түсіндірді. Қазіргі уақытта сегіз учаске сатып алынған, қалғандары бойынша келіссөздер жалғасып жатыр.
"Оценочную стоимость формируют непосредственно независимые оценочные компании. Примерно в данном районе за сотку земли где-то от 12 миллионов тенге. Цена формируется в основном из-за технических характеристик самого недвижимого имущества, которое мы изымаем. Если собственник не согласен с суммой компенсации, соответственно, он может обратиться в судебные органы", — заявил замруководителя управления земельных отношений Алматы Темирлан Муханов.

Қазір тұрғындар мен шенеуніктер арасындағы келіссөздер жалғасуда. Тұрғындар тең дәрежедегі баспана сатып алуға жеткілікті өтемақы алмайынша көшпейтінін айтып, сотқа жүгінуге арналған өтініш дайындап жатқанын мәлімдеді.


