Алматы тұрғындары тамыздан бері бос тұрған жатақханаға шағымданды: ғимаратты маусымның ортасында бұзу жоспарланған

Алматы тұрғындары тамыздан бері бос тұрған жатақханаға шағымданып отыр. Олардың айтуынша, қараусыз қалған ғимарат қаңғыбас адамдардың панасына айналған. Тұрғындар әсіресе балалардың қауіпсіздігіне алаңдайды, өйткені жатақхананың жанында ауладағы жалғыз балалар алаңы орналасқан.
Көпбалалы ана Наталья Кривцова бұған дейін балаларын аулаға алаңсыз жіберетінін, алайда жатақхана жабылғаннан кейін жағдай өзгергенін айтты.
"Живём вот за общежитием, наш дом. У меня дети здесь все гуляют, играют. Но так как стоит вот это общежитие, я боюсь вот этих детей отпускать даже сюда. Хотя он может и там гулять, но я иной раз переживаю", — рассказала алматинка.
Тұрғындардың сөзінше, екі апта бұрын ғимараттан екі ер адам шығып, жасөспірімдерге тиісіп, ақша мен телефон талап еткен.
"Мы ушли на площадку детскую. Там они начали дальше до нас докопываться, лезть, телефоны пытались забрать. Мы, естественно, с другим телефоном не дали. Потом, здесь работает один человек, он этих мужиков остановил. Потом эти мужики начали убегать, когда услышали, что вызовут полицию", — рассказал местный житель.
Жатақхананың ішінде тұрақты мекенжайы жоқ адамдар мен есірткіге тәуелділер болуы мүмкін екенін айтқан тұрғындар ғимаратта тұру белгілері байқалатынын жеткізді. Олардың айтуынша, бөлмелерде қолдан жасалған ұйықтайтын орындар бар, алкоголь ішімдіктері ішілген, сондай-ақ пайдаланылған шприцтер табылған.
Тұрғындар бұл мәселе бойынша әкімдікке де жүгінген. Ведомство ғимараттың апатты деп танылғанын және реновация бағдарламасына енгізілгенін мәлімдеді.
СПК "Алматы" баспасөз қызметінің жетекшісі Темирлан Нихамбаевтың айтуынша, қазіргі уақытта уәкілетті орган — ТОО Almaty Renovation — мемлекеттік сатып алу жүйесі арқылы ғимаратты техникалық тексеруге конкурс өткізген.
"На текущий момент уполномоченным органом, ТОО Almaty Renovation, проведен конкурс на техническое обследование здания через систему государственных закупок. Результаты обследования ожидаются ориентировочно 15-16 апреля текущего года. После их получения будет объявлен конкурс на поступилизацию ветхого строения, а сам снос здания планируется ориентировочно в середине июня текущего года", — заявил руководитель пресс-службы СПК "Алматы" Темирлан Нихамбаев.
Жатақхананың орнына не салынатыны әзірге хабарланған жоқ. Жергілікті тұрғындар аумақ абаттандырылып, балалар алаңы кеңейтіледі деп үміттенеді.


