Атыраудағы мектепте 8-сынып оқушысы жарақат алды: күдікті ретінде 9-сынып оқушысы ұсталды

Жұма, 13 наурыз күні Атыраудағы мектептердің бірінде 8-сынып оқушысы жарақат алды.
Оқиға орнына жедел түрде жедел медициналық көмек пен полиция қызметкерлері келді. Зардап шеккен оқушы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.
Алдын ала ақпаратқа сәйкес, жарақатты өткір затпен 9-сынып оқушысы салған. Күдікті ұсталып, ата-анасымен бірге полиция бөліміне жеткізілді. Барлық процессуалдық әрекеттер оның заңды өкілдерінің қатысуымен жүргізіліп жатыр.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері қажетті тергеу әрекеттерін жүргізуде. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сондай-ақ жасөспірімнің ата-анасы баланы тәрбиелеу міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылады. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.


