Ақтөбе облысында қар құрсауында қалған Тәжікстан азаматтары мінген автобус жолаушылары құтқарылды

Ақтөбе облысында қар құрсауында қалған шетел азаматтары құтқарылды.
Өңір әкімдігінің мәліметінше, Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында республикалық маңызы бар автожолдың 975-шақырымында техникалық ақауға байланысты жолаушылар автобусы тоқтап қалған. Автобус **Мәскеу – Тәжікстан Республикасы** бағытымен жүрген.
Салонда барлығы **57 адам**, оның ішінде **үш бала** болған.
Әкімдік нақтылағандай, барлық жолаушыны **ТЖД күштері** құтқарған. Құтқарылғандардың барлығы **Тәжікстан Республикасының азаматтары**. Олар **Қарабұтақ ауылының мешітінде** ұйымдастырылған жылыту пунктіне орналастырылды. **Ешкімге медициналық көмек қажет болмаған.**
#Пассажирский #автобус #сломался #на #трассе #вАктюбинской #области #эвакуировали #57человек #новостиказахстан #новостикз


