Шымкентте синтетикалық есірткі зертханасы жойылып, мефедронның 8 мың дозасының таралуына жол берілмеді

⚡️ Шымкентте полиция синтетикалық есірткі өндірілетін жасырын зертхананы жойып, прекурсорларды жеткізу арнасын тоқтатты.
Жедел іс-шаралар барысында химиялық заттардың Шымкенттегі қоймадан Жетісу облысына жеткізіліп отырғаны анықталды. Сол жерде екі ер адам тыйым салынған заттарды дайындайтын жасырын зертхана ұйымдастырған.
Оқиға орнында бір тоннадан астам прекурсор және шамамен 4,5 келі дайын мефедрон тәркіленді. Бұл шамамен 8 мың бір реттік дозаға тең, яғни оның таралуына жол берілмеді. Сонымен қатар есірткі дайындауға арналған арнайы құрал-жабдықтар да алынған.
Тергеу мәліметінше, күдіктілер есірткіні тек Шымкентте ғана емес, еліміздің өзге өңірлерінде де таратуды жоспарлаған. Қазір олар қамауға алынып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
#ЗАҢМЕНТӘРТІП
⚡️ Шымкентте полиция наркозертхананы жойып, мефедронның 8 мың дозасының таралуына жол бермеді
Шымкентте полиция синтетикалық есірткі өндіретін наркозертхананы жойып, прекурсорларды жеткізу арнасын тоқтатты.
Жедел іс-шаралар барысында химиялық заттардың Шымкенттегі қоймадан Жетісу облысына жеткізіліп отырғаны анықталды. Онда екі ер адам тыйым салынған заттарды дайындайтын зертхана ұйымдастырған.
Оқиға орнынан 1 тоннадан астам прекурсор, сондай-ақ шамамен 4,5 кг дайын синтетикалық есірткі — мефедрон тәркіленді. Бұл 8000-ға жуық бір реттік дозаға тең, яғни көшеге таралуы мүмкін болған.
Осылайша полиция мыңдаған дозаның таралуына және көптеген адамның есірткі қолдануға тартылуына жол бермеген.
Сондай-ақ есірткі дайындауға арналған жабдықтар тәркіленді.
Тергеу мәліметінше, күдіктілер есірткіні тек Шымкент аумағында ғана емес, Қазақстанның басқа өңірлерінде де таратуды жоспарлаған.
Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілер қамауға алынды.
#ЗАКОНИПОРЯДОК
📱 POLISIA.KZ


