Геннадий Головкин Таиландта Қазақстанның жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі референдумда дауыс берді

Геннадий Головкин Таиландта Қазақстанның жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша өтіп жатқан референдумда дауыс берді.
Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитетінің президенті және World Boxing халықаралық ұйымының басшысы Геннадий Головкин World Boxing Futures Cup 2026 халықаралық турниріне қатысу үшін Таиландтың астанасына келді. Сапар аясында ол Қазақстанның дипломатиялық өкілдігі жанынан ашылған сайлау учаскесіне барып, референдумда өз таңдауын жасады.
Головкин азаматтардың ел үшін маңызды шешімдерді қабылдауға қатысуының маңызын атап өтіп, республикалық референдумның мемлекетті одан әрі дамыту мен нығайтудағы рөліне тоқталды.
Референдумдағы дауыс беру Қазақстанда 15 наурыз күні 07:00-ден 20:00-ге дейін өтеді. Алайда азаматтарға қолайлы болу үшін нақты аумақтық комиссиялар өзге уақыт белгілеуі мүмкін.

Дауыс беру бюллетенінде бір ғана сұрақ болады:
"Принимаете ли вы новую Конституцию Республики Казахстан, проект которой опубликован в средствах массовой информации 12 февраля 2026 года?"


