Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті. Садыр Жапаров Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстанда жалпыұлттық референдумның сәтті өтуімен жылы құттықтады.
Қырғызстан Президенті жаңа Конституция бойынша дауыс беру қорытындылары қазақстандықтардың Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп отырған елді саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғырту бағытын кеңінен қолдайтынын толық көрсететінін атап өтті.
Мемлекет басшысы Садыр Жапаровқа қолдауы және Қырғызстаннан келген байқаушылардың белсенді қатысқаны үшін алғыс білдіріп, конституциялық реформалар мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға және азаматтардың әл-ауқатын көтеруді қамтамасыз етуге бағытталғанын айтты.
Тараптар қазақстан-қырғыз көпқырлы қарым-қатынастарын одан әрі нығайту мәселелерін талқылап, екі елдің стратегиялық әріптестігі мен одақтастығын жан-жақты тереңдетуге бейілділігін растады.
Президенттер өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты, сондай-ақ алдағы кездесулердің кестесін талқылады.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлескен болатын. Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы бойынша референдумның сәтті өтуімен құттықтады.


