31 жастағы ер адам ауруханада 35 күннен кейін есін жиды

31 жастағы ер адам ауруханада 35 күн жатқаннан кейін есін жиды. Мотоцикл қатысқан жол апатынан соң оған көптеген ауыр жарақат диагнозы қойылып, ол комаға түскен.
Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккен науқас ауруханаға аса ауыр, критикалық жағдайда жеткізілген. Хирургтер бірнеше күрделі операция жасап, бір айдан астам уақыт оның өмірі үшін күрескен.
**"Ер адамның жағдайы ұзақ уақыт бойы өте ауыр болды. Ол өмір мен өлімнің арасында жатты"**, — деді медицина қызметкерлері.
Науқасқа ауыр дәрежедегі жабық және ашық бас-ми жарақаты, сондай-ақ мидың қатты соғылуы диагнозы қойылған. Сонымен қатар сол жақтағы маңдай–төбе–самай сүйектерінің сызықтық сынуы (бас сүйек негізіне өтуімен), оң жақ самай және сол жақ төбе–самай аймақтарындағы жедел эпидуралды гематома және басқа да бас жарақаттары анықталған.
Бұдан бөлек, кеуде қуысы зақымдары да тіркелген: сол жақтағы үш қабырғаның сызықтық сынуы, бұғананың жарықшақты сынуы, өкпенің соғылуы және мидың ісінуі.
Дәрігерлер бас сүйегіне трепанация жасап, сол жақ төбе аймағындағы жедел эпидуралды гематоманы алып тастаған. Қазір мамандар оның жағдайын бақылауды жалғастырып, аздаған оң өзгерістер бар екенін атап өтті.
Ер адам біртіндеп қалпына келіп келеді: өздігінен тамақтана бастаған, жағдайы тұрақталып келеді.
Бұған дейін Астанада тоннель арқылы өтіп бара жатқанда жеңіл көліктің өздігінен аударылып кеткені туралы жазылған. Ерекше жол-көлік оқиғасының видеосы желіде кеңінен тараған.
Сондай-ақ Астанада бір күнде 180-нен астам жол апаты тіркелгені және полицияның қала тұрғындарына үндеу жасағаны айтылды.
Астана – Қарағанды тасжолында боран салдарынан жаппай жол апаты болып, қаза тапқан адам бар екені де хабарланған.


