Зеленский Украинадағы қақтығысты реттеу жөніндегі жаңа келіссөздер раунды Иран төңірегіндегі жағдайға байланысты кейінге қалдырылғанын айтты

Украина президенті Владимир Зеленский Украинадағы қақтығысты реттеу жөніндегі жаңа келіссөздер раунды Иран төңірегіндегі жағдайға байланысты кейінге қалдырылғанын мәлімдеді.
Зеленский Telegram-арнасында АҚШ тарапымен байланыс тұрақты жүріп жатқанын атап өтті: «фактически 24/7 мы общаемся с американской стороной».
Оның сөзінше, серіктестердің қазіргі басымдығы мен негізгі назары Иранға ауып отыр. Осыған байланысты АҚШ тарапының ұсынысымен осы аптаға жоспарланған кездесу кейінге қалдырылған.
Сонымен бірге Зеленский Украина кез келген уақытта, соғысты аяқтауға көмектесетін және бұл тұрғыда реалистік болатын форматта кездесуге дайын екенін айтты.
Бұған дейін Зеленский жаңа келіссөздер раунды 5–8 наурыз аралығында өтуі мүмкін екенін болжаған. Сондай-ақ Украинадағы қақтығысты реттеу жөніндегі үшжақты келіссөздердің келесі раунды 11 наурызда Ыстамбұлда өтуі тиіс екені хабарланған.
Еске салайық, Украина мен Ресей қақтығысты реттеу бойынша келіссөздерді Женевада қайта жалғастырды. 17 ақпанда Киев пен Мәскеу арасында келіссөздердің үшінші раунды өтті.


