Зеленский Киевтің Мәскеудің Иранға барлау деректерін бергеніне «даусыз дәлелі» бар екенін мәлімдеді

Украина президенті Владимир Зеленский Киевтің Мәскеудің Иранға барлау деректерін бергеніне қатысты «даусыз дәлелдері» бар екенін мәлімдеді.
Украина басшысы бұл туралы дүйсенбі, 23 наурыз күні X әлеуметтік желісінде жазды.
«Біріншіден, бізде ресейліктердің ирандық режимге барлау деректерін беруді жалғастырып отырғанына қатысты даусыз дәлелдер бар», — деді президент. Ол бұл сөзін Украина Қорғаныс министрлігі Бас барлау басқармасының басшысы Олег Иващенконың баяндамасына сүйене отырып айтты.
Зеленскийдің айтуынша, Ресей радио және электрондық барлау саласындағы өз мүмкіндіктерін, сондай-ақ Таяу Шығыстағы серіктестермен ынтымақтастық аясында алынған деректердің бір бөлігін пайдаланады.
Наурыз айының басында The Washington Post Ресейдің Таяу Шығыстағы америкалық әскерлерге соққы жасау үшін Иранға барлау деректерін беріп отырғанын жазған.
АҚШ президентінің арнайы өкілі Стивен Уиткоффтың айтуынша, РФ мұндай жолмен Иранға көмектесіп отырғанын жоққа шығарады. Ал Трамп Мәскеу Тегеранға «аздап» көмектесіп отыр деген пікір білдірген.
Өткен аптада The Wall Street Journal Ресейдің Ислам Республикасымен әскери ынтымақтастығының ауқымын кеңейтіп, Иранға АҚШ пен Израильге қарсы соғысында ақпараттық қолдау көрсетуді ұлғайтқанын жазды.


