Шымкент — Тараз ақылы учаскесінде орташа жылдамдықты асыру бұзушылықтары тіркеле бастады
Шымкент — Тараз тасжолының ақылы учаскесінде орташа жылдамдықты асыруға қатысты бұзушылықтарды тіркеу басталды.
2026 жылғы 23 ақпаннан бастап мұндай құқықбұзушылықтар туралы деректер Әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізілімінің Процессинг орталығына автоматты түрде жолданады.
Жүйені іске қоспас бұрын мамандар камералар арасындағы қашықтықты өлшеп, екі бақылау аймағын анықтаған:
- Бірінші учаске Шақпақ Баба мен Терс-Ащибұлақ аралығында орналасқан. Ұзындығы — 39,6 км, есептік орташа қозғалыс жылдамдығы — 104 км/сағ.
- Екінші аймақ Терс-Ащибұлақ пен Айша-Бибі аралығын қамтиды. Ұзындығы — 18,9 км, орташа жылдамдығы — 91 км/сағ.
Орташа жылдамдықты асыру фактілерін Zerek-2 кешені тіркейді. Оның деректері айыппұлдарды рәсімдеу кезінде қолданылады.
Жол операторларының мәліметінше, жүйе іске қосылған сәттен бері осы учаскеде орташа жылдамдық бойынша 21 152 бұзушылық тіркелген.
Бұған дейін қолайсыз ауа райы Астананы көршілес облыстардан «оқшаулап» қалғаны туралы хабарланған еді.
Сондай-ақ Алматы облысындағы қолайсыз ауа райына байланысты жүргізушілерге апат қаупі туралы ескерту жасалған.


