Николас Мадуро 8 наурызға орай түрмеден венесуэлалықтарға үндеу жолдады

АҚШ-тағы түрмеде отырған Венесуэла президенті Николас Мадуро 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне орай ел тұрғындарына ерекше мазмұндағы үндеу жолдады.
Саясаткердің ұлы Николас Мадуро Герра әкесінің жолдауын әлеуметтік желіде жариялаған. Онда Мадуро отандастарын «тауларды жылжытуға» көмектесетін сенімді сақтауға шақырып, елдің қиындықтарды еңсеретініне уәде берген.
Мадуро Герра әкесінің сөзін былай деп келтірді:
"Иисус учил нас, если вы будете иметь веру и не усомнитесь, то даже скажете этой горе: поднимись и ввергнись в море, - так будет. Дай нам эту искреннюю и всеобщую веру, чтобы сдвинуть горы трудностей, которые иногда нас сдерживают, и превратить их в свободный путь для нашей родины",
Мадуро-үлкені хат соңында өзіне тән қолтаңбасын да қалдырған. Түрмеден жолданған бұл жолдау Мадуроның АҚШ-та қамауға алынғаннан кейін ұлтқа жасаған алғашқы үндеулерінің бірі болды.
Еске салайық, 3 қаңтарда АҚШ Боливар республикасының көшбасшысы Николас Мадуроны ұстау бойынша арнайы операция жүргізген. Елден оның жұбайы Силия Флорес те әкетілген.
5 қаңтарда олар Нью-Йорктегі федералдық сотқа есірткі саудасына қатысы бар деген айыппен жеткізілді. Мадуро мен оның жұбайы кінәсін мойындамады.
Қазір Венесуэланы бұрын республика вице-президенті қызметін атқарған, уәкілетті президент Дельси Родригес басқарып отыр.


