Қазақстан Италиядағы қысқы Паралимпиадада алғашқы медалін жеңіп алды
Қазақстандық параспортшы Ербол Хамитов Италияда өтіп жатқан қысқы Паралимпиялық ойындарда Қазақстан үшін алғашқы медальді жеңіп алды.
Хамитов отырып жарысатын спортшылар арасындағы шаңғы жарысында қола жүлдегер атанды. Оның мәреге келген уақыты — 2:29.9.
Алтын медальді Қытай өкілі Цзысюй Лю (2:28.9) иеленсе, күміс жүлде бразилиялық Кристиан Вестемайерге (2:29.6) бұйырды.
XIV қысқы Паралимпиялық ойындар 6–15 наурыз аралығында Милан мен Кортина-д’Ампеццода өтуде. Жарыстарда 79 медаль жиынтығы сарапқа салынып, олар үшін 600-ден астам спортшы бақ сынап жатыр.
Ойындарға қатысатын Қазақстан құрамасына Ербол Хамитов, Александр Герлиц, Сергей Усольцев, Юрий Березин, Анна Грачёва, Нурлан Алимулы және Владислав Кобаль енді.
Фото НОК РК
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


