Қарағандыда №29 маршрут автобусының жағдайына тұрғындар шағымданды

Қарағанды тұрғындары маршруттық автобустың жағдайына қатысты шағым айтты.
Не болды Әлеуметтік желілерде Қарағандыдағы №29 автобусынан түсірілген видео кең тарала бастады. Кадрлардан салонның жағдайы нашар екені көрінеді: орындықтар шаң мен кірге көмкерілген, ал едені тот басқан.
Автобусқа қатысты қандай шара қабылданады Мәселеге байланысты Қарағанды қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі пікір білдірді.
Бөлімнің мәліметінше, №29 маршруттағы бұл автобус желіден алынды. Сондай-ақ, бұзушылықтарға жол берген тасымалдаушыға қатысты маршрутқа қызмет көрсету құқығына берілген куәліктерді кері қайтарып алуға дейін шаралар қолданылатыны айтылды.
Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысындағы бір ауыл тұрғындары қалаға дейін қалыпты көлік желісінің жоқтығына шағымданған болатын.
Жаңа камералар Астана жүргізушілерін алаңдатты
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


