Астанада блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Толегеноваға қатысты алдын ала сот отырысы басталды

**Астанада** елордалық блогерлер **Ерболат Жанабылов** пен **Эльмира Толегеноваға (Жанабылова)** қатысты іс бойынша алдын ала сот отырысы басталды. Ерлі-зайыпты сотқа адвокаттарымен бірге келді.
Отырыc **Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында** өтіп жатыр. Танымал блогерлерге **ҚК 214-бабы 2-бөлігі 2-тармағы** бойынша *«Заңсыз кәсіпкерлік»* және **ҚК 218-бабы 2-бөлігі 1-тармағы** бойынша *«Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату)»* айыптары тағылған.
Істі **судья Әділбек Баймаханов** қарайды. Сот залында блогерлердің адвокаты сот талқылауын **жабық режимде** өткізуді сұрап өтінішхат білдірді, ал прокурорлар бұған **қарсылық** танытты. Сот қорғау тарапының өтінішін **қанағаттандырудан бас тартты**.

Белгілі болғандай, **Ерболат Жанабылов пен Эльмира Толегенова** сот тыңдаулары кезінде БАҚ өкілдерінің оларды **видеоға түсіруіне және фотоға түсіруіне қарсы**.
Айта кетейік, блогерлер **заңсыз кәсіпкерлік қызмет** пен **қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру** күдігіне ілінген.

Еске салайық, **2025 жылғы 9 қазанда** апелляциялық алқа блогерлер Ерболат Жанабылов пен оның жұбайы Эльмира Толегенованың шағымдарын **қанағаттандырмай** қалдырған. Бұл олардың бастапқыда әкімшілік сипаттағы істерін **қылмыстық іске қайта саралап**, тергеу жүргізуге мүмкіндік беретінін білдірді.
Кейін **Қаржылық мониторинг агенттігі** блогерлерге қатысты **қылмыстық іс қозғалғанын** растады. Жанабыловтарға **екі жылға дейін** бас бостандығынан айыру жазасы қаупі төнуі мүмкін.
Блогерлер Жанабыловтар туралы Ерболат Жанабылов пен Эльмира Толегенова — Қазақстандағы ең танымал блогерлердің бірі. Ерболаттың аккаунтына **8,4 миллион** адам, Эльмираның парақшасына **7,1 миллион** адам жазылған. Олардың жарияланымдары тұрақты түрде миллиондаған қаралым жинайды, ал ұтыс ойындары Instagram-да жиі вирустық сипат алады.
Тергеу нұсқасы: схема қалай жұмыс істеген Тергеу нұсқасына сәйкес, Instagram-да **15 миллионнан астам** жазылушысы бар ерлі-зайыпты аудитория сенімін пайдаланып, заңсыз табыс тапқан. **2025 жылы** олар онлайн-курстарды сату ретінде көрсетілген схема ұйымдастырған, онда сатып алушылар үшін негізгі ынталандыру — қымбат жүлделер ұтысына қатысу болған.
«Білім беру құндылығы жоқ» контент Тергеу видеоматериалдардың білім беру құндылығы болмағанын анықтаған. Контенттің едәуір бөлігі ашық дереккөздерден, соның ішінде YouTube платформасынан алынған және лицензиясыз лотереяны бүркемелеу үшін пайдаланылғаны айтылған.
Жүлде қоры қалай қалыптасқан Сондай-ақ жүлде қоры жария түрде айтылғандай өз қаражатынан емес, қатысушылардан онлайн-курс ақысы ретінде түскен ақша есебінен қалыптасқаны хабарланған.
Ұтыс ойынындағы манипуляциялар ҚМА электронды «сәттілік барабанының» параметрлері өзгертілгенін мәлімдеді. **5 мың теңге** ұтып алу ықтималдығы жасанды түрде арттырылған, ал құны жоғары жүлделерді алу мүмкіндігі едәуір төмендетілген.
"Подозреваемые публично заявляли о вручении 11-го автомобиля участнику, совершившему наибольшее количество репостов, с целью увеличения охвата и привлечения внимания к акции. Однако в действительности победитель не определялся, передача приза не производилась", — отметили в агентстве.
Жанабыловтарға қанша ақша түскені айтылды ҚМА дерегінше, блогерлерге бағынысты **Zhana Business** ЖШС шоттарына азаматтардан **247,5 миллион теңге** түскен. Оның **60 миллион теңгесі** депозиттік шоттарға орналастырылған.
Мүлікке тыйым салу және бұлтартпау шарасы Сот санкциясымен **10 автокөлікке**, оның ішінде **Lamborghini Urus** және **Lexus LX 600** көліктеріне, сондай-ақ **17 iPhone телефонына** тыйым салынған.
Ерболат Жанабылов пен Эльмира Толегеноваға қатысты бұлтартпау шарасы ретінде **үйқамақ** таңдалған.


