Қазақстанда әкімшілік амнистия тетігі екі апта ішінде әзірленеді

Қазақстанда әкімшілік амнистияны іске асыру тетігі екі апта ішінде әзірленеді. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында мәлімдеді.
Оның айтуынша, тиісті тапсырма Ішкі істер министрлігіне, Әділет министрлігіне және Бас прокуратураға берілген.
«Кеше Президент жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты азаматтар мен мемлекет қауіпсіздігіне қатер төндірмейтін бірқатар құқық бұзушылықтар бойынша амнистия өткізуді бастамалады. > Атап өтемін, әкімшілік амнистия еліміздің тарихында алғаш рет бастамаланып отыр. Ішкі істер және Әділет министрліктері Бас прокуратурамен бірлесіп, екі апталық мерзімде амнистияны өткізу тетігі бойынша егжей-тегжейлі ұсыныстар енгізсін», — деді Олжас Бектенов.
Не болды
Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституцияның қабылдануына арналған іс-шара барысында әкімшілік амнистия өткізілетінін жариялаған болатын. Мемлекет басшысы сөз азаматтар мен мемлекет қауіпсіздігіне қатер төндірмейтін құқық бұзушылықтар туралы екенін атап өтті.
«Өткен жылы, өздеріңіз білесіздер, қылмыстық амнистия болды, қазір біз азаматтар мен мемлекет қауіпсіздігіне қатер төндірмеген бірқатар қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша қосымша амнистия жүргізе аламыз. Әкімшілік амнистия еліміздің тарихында алғаш рет өткізілетінін атап өткім келеді. Парламенттен ағымдағы сессияның соңына дейін тиісті заңды қабылдауды сұраймын», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент жаңа Конституция ел дамуының жаңа кезеңін білдіретінін және мемлекет пен қоғам арасындағы қатынастарды қайта жүктеуді көздейтінін айтты.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


