Алматыда жалпыұлттық референдумға қатысу деңгейі алдыңғы дауыс берумен салыстырғанда жоғары болды

Алматыда жалпыұлттық референдумға азаматтардың қатысу деңгейі алдыңғы дауыс берумен салыстырғанда жоғары екені тіркелді.
Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 16:00-дегі дерегіне сәйкес, қала тұрғындарының дауыс беруге келуі 28,16% болды. Бұл көрсеткіш 2024 жылғы референдумдағы 25,21% деңгейінен жоғары.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, алматылықтардың белсенділігі мегаполистің барлық аудандарындағы учаскелерде байқалады. Қала тұрғындары күн бойы сайлау учаскелеріне келіп, азаматтық ұстанымын білдіруді жалғастырып жатыр.

Учаскелік комиссиялардың жұмысы штаттық режимде өтіп жатыр, тұрғындар үшін жайлы әрі ашық дауыс беруге қажетті жағдайлар жасалған.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің бағалауынша, кешке қарай келушілер көрсеткіші одан әрі өсуі мүмкін.



