Банк ЦентрКредит Business-Aru гранттық жобасына тіркеуді 6 наурыздан бастап ашты

Банк ЦентрКредит Mastercard-пен бірлесіп және Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕБРР) қолдауымен 6 наурыздан бастап Business-Aru гранттық жобасына тіркеуді ашты. Жоба Қазақстандағы әйелдер кәсіпкерлігін қолдау және дамыту үшін құрылған білім беру-байқау платформасы ретінде ұсынылып отыр.
Business-Aru — өз ісін бастағысы немесе дамытқысы келетін қазақстандық әйелдерге арналған тегін оқу бағдарламасы және бизнес-жоспарлар конкурсы. Қатысушылар қаржы, маркетинг, сату және бизнесті басқару бағыттары бойынша курстардан өтеді. Одан кейін әр қатысушы жеке бизнес-жоспар әзірлеп, оны қазылар алқасына ұсынады.
Жобаға 18 жастан асқан әйелдер шақырылады: кәсіпкерлікті енді бастаушылар да, сондай-ақ бизнес жүргізіп жүрген және оны масштабтағысы келетіндер де қатыса алады.
Банк ЦентрКредит президенті Руслан Владимиров өткен жылғы нәтижелерге тоқталып, жоба күткеннен жоғары көрсеткіш бергенін айтты: Қазақстанның түкпір-түкпірінен үш мыңнан астам әйел қатысып, 44 финалист бизнес-жоспарларын қорғаған. Оның айтуынша, жеңімпаздар өз идеяларын банк қолдауымен жүзеге асырып жатыр. Осыған байланысты банк Business-Aru жобасын жыл сайын өткізуді шешкен.
Өтінім беру және тіркеу туралы толық ақпарат банктің ресми сайтында көрсетілген.
Лицензия АРРФР РК № 1.2.25/195/34 от 03.02.2020.


