Қазақстанда 15 наурыздағы референдум алдында 14 наурыздан бастап «тыныштық күні» басталды

Бүгін, 14 наурызда, сағат 00:00-ден бастап Қазақстанда алдағы конституциялық реформа жөніндегі референдум алдында «тыныштық күні» басталды. 15 наурызда Қазақстанда жаңа Конституция бойынша референдум өтеді. Заңға сәйкес, кез келген дауыс беру қарсаңында бір тәулік бұрын «тыныштық күні» жарияланады.
«Тыныштық күні» деген не
«Тыныштық күні» — сайлау немесе референдум алдындағы кезең, бұл уақытта дауыс беруге шығарылған мәселе бойынша қолдап немесе қарсы үгіт жүргізуге тыйым салынады. Ол дауыс беру күніне бір тәулік қалғанда басталып, дауыс беру учаскелері жабылғанға дейін күшінде болады.
Осы кезеңде:
- үгіт материалдарын таратуға;
- азаматтарды белгілі бір түрде дауыс беруге немесе дауыс бермеуге шақыруға;
- БАҚ пен әлеуметтік желілерде жарнамалық немесе саяси сипаттағы хабарламалар жариялауға;
- митингілер, кездесулер, сөз сөйлеулер және үгітпен байланысты өзге де іс-шаралар өткізуге тыйым салынады.
Бас прокуратураның нақтылауынша: "Не допускается также опубликование в средствах массовой информации, на онлайн-платформах результатов опросов общественного мнения, прогнозов результатов референдума, иных исследований, связанных с референдумом".
Сондай-ақ референдум күні дауыс беру бөлмесінде немесе дауыс беру пунктінде шешім қабылдаған адамдарға сауалнама жүргізуге тыйым салынады.
Жалпы, «тыныштық күнінің» мәні — сайлаушыларға қысымсыз, сабырмен шешім қабылдауға мүмкіндік беру. Бұл талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.
«Тыныштық күнін» бұзғаны үшін қандай жауапкершілік бар
Үгіт-насихатқа және қоғамдық пікір сауалнамаларын жариялауға тыйымды бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 102-бабы бойынша жауапкершілік қарастырылған — "Проведение предвыборной агитации в запрещённый период".
Айыппұл мөлшері:
- жеке тұлғалар үшін — 15 АЕК (55 380 теңге);
- шағын бизнес субъектілері үшін — 20 АЕК (73 840 теңге);
- орта бизнес субъектілері үшін — 25 АЕК (92 300 теңге);
- ірі бизнес үшін — 35 АЕК (129 220 теңге).
Бұған дейін дауыс беруге қатысты нені білу қажет екені жөнінде егжей-тегжейлі нұсқаулық дайындалғаны айтылды. Онда учаскелердің қай уақытта ашылатыны, өз учаскеңді қалай табуға болатыны, бюллетеньді әлеуметтік желіде жариялауға бола ма деген және басқа да маңызды сұрақтарға жауап берілген.


