Астана әуежайында қолайсыз ауа райына байланысты рейстер тоқтатылып, кешіктірілуде

Астана әуежайында қолайсыз ауа райына байланысты рейстер кестесіне өзгерістер енгізілді.
Боран мен бұрқасын салдарынан 11 рейс тоқтатылды: оның ішінде 3 рейс — қонуға, 8 рейс — ұшуға.
Сонымен қатар:
- Алматы, Қостанай, Шымкент, Өскемен, Орал, Қызылорда, Бішкек және Омбыдан келетін 11 рейс кешіктірілуде;
- Шымкент, Петропавл, Семей, Алматы және Омбыға ұшатын 9 рейс кешіктірілуде.
Кешігулердің бір бөлігі ауа райына байланысты болса, қалғаны ұшақтардың кеш келуі және әуе кемелерін ауыстыру себептерімен түсіндірілді.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


