Қазақстанда оқушының мұғалімге құрметсіздігі үшін ата-аналарға 86 500 теңге айыппұл салынуы мүмкін

Қазақстанда оқушының педагогке құрметсіздік танытуы үшін ата-аналарға 86 мың 500 теңге көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.
Министрлік түсіндіргендей, мұндай құқықбұзушылықтарға нецензурлы балағат сөздер, әдепсіз ишаралар, сондай-ақ мұғалімнің кәсіби міндеттерін орындауына кедергі келтіріп, оның жұмысына қолайсыз жағдай туғызатын әрекеттер жатады.
Егер бұл әрекет әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталанса, өндіріп алу мөлшері шамамен 130 мың теңгеге дейін ұлғаяды.
Набира Марбанова, ҚР Оқу-ағарту министрлігі Ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің бас сарапшысы:
- На данный момент с целью усиления ответственности за привлечение педагогов к несвойственным видам работы, то есть чтобы обеспечить надежную защиту их прав, ведутся именно работы по усилению законодательства. Закон о статусе педагога рассматривает по категориям. Есть именно права и обязанности педагогов, также действия, к которым нельзя привлекать педагогов, а именно за проявление чести, то есть за неуважение к педагогам, рассматриваются именно по другим нормам законодательства. Штрафы за эти действия применяются сразу.
Ведомство сондай-ақ Қазақстанда мұғалімдердің заң бойынша ерекше мәртебесі бар екенін еске салды. Бұл мәртебе олардың кәсіби қызметіне қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді. Құжатта педагогтердің құқықтары, сондай-ақ еңбекақы төлеу, сыйақылар және әлеуметтік кепілдіктерге қатысты нормалар көрсетілген.


