Қазақстанның бірнеше өңірінде 10–11 наурызда ауа температурасы күрт төмендейді

Қазақстанның бірнеше өңірінде 10 және 11 наурызда ауа температурасы күрт төмендейді. Синоптиктердің болжамынша, түнгі уақытта кей жерлерде термометр бағаны минус 30 градусқа дейін түсуі мүмкін.
Ақмола облысы
Сейсенбі түні өңірде 15–20 градус аяз күтіледі, ал батысы мен солтүстігінде 25–30 градусқа дейін төмендейді. Сәрсенбі түні ауа температурасы одан әрі төмендеп, 22–27 градус аязға дейін, шығысында 30 градус аязға дейін жетеді. Көкшетауда сейсенбі түні 25–27 градус аяз болады.
Ақтөбе облысы
Сейсенбі түні ауа температурасы минус 23–28 градусқа дейін төмендейді, өңірдің солтүстігінде 31 градус аяз күтіледі. Ақтөбеде түнде 23–25 градус аяз болады.
Атырау облысы
Сейсенбі түні 15–20 градус аяз болжанады, өңірдің батысы мен солтүстігінде 23 градус аязға дейін төмендеуі мүмкін. Атырауда түнде 13–15 градус аяз күтіледі.
Қызылорда облысы
Сейсенбі түні 7–12 градус аяз күтіледі, оңтүстігінде минус 2 градус, ал батысы мен солтүстігінде 16–21 градус аяз болады. Сәрсенбі түні ауа температурасы 10–15 градус аязға дейін төмендеп, батысы мен солтүстігінде 18–23 градус аязға дейін жетеді. Қызылордада сейсенбі түні 7–9 градус аяз, сәрсенбі түні 12–14 градус аяз болады.
Павлодар облысы
Сейсенбі түні ауа температурасы 7–12 градус аязға дейін төмендейді, өңірдің батысы мен солтүстігінде 15–20 градус аяз күтіледі. Сәрсенбі түні 25–30 градус аяз болжанады. Павлодарда сейсенбі түні 10–12 градус аяз, сәрсенбі түні 26–28 градус аяз болады.
Солтүстік Қазақстан облысы
Сейсенбі түні 25–30 градус аяз күтіледі, өңірдің батысы мен солтүстігінде 33 градус аяз болады. Петропавлда сейсенбі түні 28–30 градус аяз болжанады.
Шығыс Қазақстан облысы
Сәрсенбі түні ауа температурасы 15–20 градус аязға дейін төмендейді, өңірдің оңтүстігінде 10 градус аяз күтіледі. Өскеменде сәрсенбі түні 15–17 градус аяз болады.
Жамбыл облысы
Сәрсенбі түні 7–12 градус аяз болжанады, ал батысы мен солтүстігінде, сондай-ақ таулы аудандарда 15–20 градус аяз күтіледі. Таразда сәрсенбі түні 10–12 градус аяз болады.
Абай облысы
Сәрсенбі түні 20–25 градус аяз күтіледі, өңірдің оңтүстігінде 10–15 градус аяз болады. Семейде сәрсенбі түні 20–22 градус аяз болжанады.
Жетісу облысы
Сәрсенбі түні ауа температурасы 5–10 градус аязға дейін төмендейді, өңірдің солтүстігі мен таулы аудандарында 15–20 градус аяз күтіледі.
9 наурыздағы ауа райы: синоптиктер Қазақстан бойынша дауылды ескертулер жариялады


