10 наурызда Қазақстанның мегаполистері мен 17 облысында қатты жауын-шашын, боран және көктайғаққа байланысты дауылды ескерту жарияланды

10 наурызда Қазақстанның мегаполистерінде, сондай-ақ 17 облысында қатты жауын-шашын, боран және көктайғаққа байланысты дауылды ескерту жарияланды.
Астана: кей уақытта қар, боран, тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с, күндіз кей уақытта 23 м/с.
Алматы: күндіз кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Кей уақытта тұман. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с. Іле-Алатауы тауларында (Алматының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) күндіз кей уақытта қатты жауын-шашын (негізінен қар) күтіледі. Көктайғақ. Кей уақытта тұман. Оңтүстік-батыстан соғып, солтүстік-батысқа ауысатын желдің екпіні 15–20 м/с, кей уақытта 23–28 м/с.
Шымкент: жауын-шашын, кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с.
Жетісу облысы: облыстың батысында, орталығында және таулы аудандарында кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні облыстың шығысында, солтүстігінде және таулы аудандарында 15–20 м/с, күндіз Алакөл көлдері ауданында 23–28 м/с. Талдықорғанда кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі.
Түркістан облысы: облыстың оңтүстігінде және таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде және таулы аудандарында көктайғақ, жаяу бұрқасын. Батыста, солтүстікте, оңтүстікте және таулы аудандарда тұман. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні батыста, солтүстікте, оңтүстікте және таулы аудандарда 15–20 м/с, екпіні 23–28 м/с. Түркістанда кей уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с.
Ақмола облысы: қар, боран күтіледі, түнде облыстың батысында, күндіз оңтүстік-шығысында қатты қар жауады. Батыста, оңтүстікте, шығыста тұман күтіледі. Батыстан және солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15–20 м/с, күндіз 15–20 м/с, ал оңтүстігі мен шығысында 23–28 м/с. Көкшетауда таңертең және күндіз қар, боран күтіледі. Батыстан және солтүстік-батыстан соғатын желдің күндізгі екпіні 15–20 м/с.
Алматы облысы: күндіз облыстың оңтүстігінде және таулы аудандарында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында, күндіз бүкіл облыс бойынша көктайғақ күтіледі. Солтүстікте, оңтүстікте және таулы аудандарда кей уақытта тұман. Қонаевта кей уақытта тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел кей уақытта 15–20 м/с дейін күшейеді.
Павлодар облысы: қар, жаяу бұрқасын күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде қатты қар жауады. Батыста, солтүстікте, шығыста тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15–20 м/с, күндіз 15–20 м/с, батыста, оңтүстікте, шығыста екпіні 23–28 м/с. Павлодарда қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с, күндіз кей уақытта 25 м/с.
Абай облысы: жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында боран күтіледі. Солтүстікте және оңтүстікте тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күндізгі екпіні облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында 15–20 м/с. Семейде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Күндіз боран. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күндізгі екпіні 15–20 м/с.
Қостанай облысы: түнде және таңертең облыстың шығысында және оңтүстігінде қар, боран күтіледі. Батыста, солтүстікте, оңтүстікте тұман. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні шығыста және оңтүстікте 15–20 м/с, кей уақытта 23 м/с.
Қарағанды облысы: түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ; солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Күндіз қар, боран, көктайғақ. Солтүстікте, шығыста, оңтүстікте тұман. Оңтүстік-батыстан және батыстан соғатын желдің таңертең және күндізгі екпіні 15–20 м/с, кей уақытта 23–28 м/с. Қарағандыда түнде аздаған қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз қар, боран, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-батыстан және батыстан соғатын желдің таңертең және күндізгі екпіні 15–20 м/с, кей уақытта 23–28 м/с.
Ұлытау облысы: түнде облыста қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар, боран, көктайғақ күтіледі. Шығыста, оңтүстікте және орталықта тұман. Оңтүстік-батыстан және батыстан соғатын желдің екпіні облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 15–20 м/с, кей уақытта 23–28 м/с. Жезқазғанда түнде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-батыстан және батыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с, кей уақытта 23–28 м/с.
Атырау облысы: солтүстік-батыстан соғып, оңтүстік-батысқа ауысатын жел күтіледі, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15–20 м/с. Атырауда солтүстік-батыстан соғып, оңтүстік-батысқа ауысатын жел түнде 15–18 м/с дейін күшейеді.
Маңғыстау облысы: түнде және таңертең облыстың солтүстік-шығысында және орталығында көктайғақ, тұман күтіледі.
Батыс Қазақстан облысы: күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан соғып, оңтүстікке ауысатын желдің күндізгі екпіні облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15–20 м/с. Оралда күндіз қар, жаяу бұрқасын күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы: түнде облыстың шығысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Батыста және шығыста тұман. Батыстан және солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні түнде облыстың шығысында 15–20 м/с, күндіз 15–20 м/с, ал облыстың оңтүстігі мен шығысында 23–28 м/с. Петропавлда батыстан және солтүстік-батыстан соғатын жел күндіз 15–20 м/с.
Ақтөбе облысы: түнде облыста қар, жаяу бұрқасын, ал оңтүстігінде, шығысында және орталығында қатты қар күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні облыстың оңтүстігінде, шығысында және орталығында 15–20 м/с, түнде кей уақытта 23 м/с. Ақтөбеде түнде қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел түнде 15 м/с дейін.
Қызылорда облысы: түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында қар, көктайғақ, боран күтіледі. Батыстан соғатын жел 15–20 м/с, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 25 м/с. Қызылордада түнде қар, көктайғақ, боран күтіледі. Батыстан соғатын жел 15–20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысы: жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде боран күтіледі. Солтүстікте, шығыста, оңтүстікте тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күндізгі екпіні облыстың солтүстігінде 15–20 м/с. Өскеменде көктайғақ күтіледі.
Жамбыл облысы: түнде облыстың оңтүстігінде және таулы аудандарында, күндіз таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, таулы аудандарда жаяу бұрқасын. Оңтүстікте және таулы аудандарда тұман, көктайғақ. Таразда кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің таңертең және күндізгі екпіні 15–20 м/с, кей уақытта 23–28 м/с.


