Ақмола облысында әке мен ұлы синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхана ұйымдастырған

Ақмола облысында полиция қызметкерлері ұзақ уақыт жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде синтетикалық есірткі өндіруге арналған ірі жасырын нарколабораторияның қызметін тоқтатты.
Операция барысында 53 жастағы ер адам және оның 26 жастағы ұлы ұсталды. Мәліметке сәйкес, әкесі ұлын қылмыстық іске тартып, синтетикалық есірткі дайындау дағдыларын үйреткен.
Тінту және тәркілеу кезінде:
- 200 килограмм «мефедрон»,
- 2 тоннадан астам прекурсор,
- реакторлар,
- колбалар алынған.
Есеп бойынша, бұл көлем шамамен 600 мың дозаға тең.
Тәркіленген есірткінің «қара нарықтағы» құны 10 млн АҚШ долларынан (яғни 5 млрд теңгеден астам) жоғары екені көрсетілген. Сондай-ақ прекурсорлардың бір бөлігі елдің басқа өңірлеріне жіберіліп отырғаны атап өтілді.
t.me/kriminal_kazakhstan
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


