Өскеменде Протозанов көшесіндегі дәмханада шыққан өрт кезінде газ баллоны шығарылып, жарылыстың алдын алынды

Бүгін күндіз Өскемен қаласы Протозанов көшесінде ғимаратқа жапсарлас орналасқан дәмханада өрт шықты. Өрттің ауданы 32 шаршы метрді құрады.

🧑🚒 Өрт сөндірушілердің жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт қысқа уақыт ішінде оқшауланып, толықтай сөндірілді.
Өртті сөндіру барысында оқиға орнынан газ баллоны шығарылды. Бұл ықтимал жарылыстың алдын алуға және ауыр зардаптардың болдырмауға мүмкіндік берді.
✅ Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


