Премьер-министр Олжас Бектенов жаңа Конституция бойынша референдумда дауыс берді

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов жаңа Конституция бойынша референдумда дауыс берді.
Олжас Бектенов өз таңдауын елордадағы Дінмұхамед Қонаев атындағы №66 мектеп-лицейінде жасады.
Жаңа Конституция бойынша референдум
Қазақстанда референдумдағы дауыс беру 15 наурызда 07:00-ден 20:00-ге дейін өтеді. Азаматтарға қолайлы болу үшін нақты аумақтық комиссиялар өзге уақытты белгілеуі мүмкін.
Дауыс беру бюллетенінде бір ғана сұрақ болады:
"Бұқаралық ақпарат құралдарында 2026 жылғы 12 ақпанда жарияланған жобасы бойынша Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?"
Қазақстандықтар референдумда қандай өзгерістер үшін дауыс беретіні туралы — сілтеме арқылы оқыңыз.
Редакция Tengrinews.kz 15 наурыз күні елде болып жатқан оқиғаларды онлайн режимде жариялап отыр.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


