Нұрлан Смағұлов паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовқа Chery Tiggo 7 көлігін сыйға тартты

Кәсіпкер Нұрлан Смағұлов қазақстандық паралимпиадашы Ербол Хамитовқа Chery Tiggo 7 автокөлігін сыйға тартты. Бұл туралы Astana Motors хабарлады.
Компанияның еске салуынша, қазақстандық спортшы 13 наурызда Италияда өтетін 2026 жылғы қысқы Паралимпиада ойындарында Қазақстан үшін алғашқы алтын медаль жеңіп алған. Бұған дейін ол парашаңғы жарысындағы 1500 метрлік классикалық спринтте қола жүлде иеленген.
Нұрлан Смағұлов Қазақстан құрамасы мен Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтап, Chery Kazakhstan-ның Astana Motors құрамында Ұлттық паралимпиада комитетінің ресми серіктесі екенін атап өтті. Оның айтуынша, компания елдегі параспорттың дамуына қолдау көрсетуді жалғастырады. Сондай-ақ ол Ербол Хамитовтың Chery Tiggo 7 көлігін тест-драйвқа алғанын білетінін айтып, автокөлікті қуана сыйға беретінін жеткізді.
Жаңартылған Chery Tiggo 7 — заманауи кроссовер, жарқын дизайны және кең салонымен сипатталады. Автокөлік 1.6T турбоқозғалтқышымен, роботтандырылған беріліс қорабымен және интеллектуалды толық жетекті жүйемен жабдықталған.
Компанияның мәліметінше, 2024 жылдан бастап Chery Kazakhstan Astana Motors құрамында Ұлттық паралимпиада комитетін қолдап келеді. Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары — мүгедектігі бар адамдар үшін жағдайды жақсартуға бағытталған әлеуметтік жобаларды әзірлеу және іске асыру, сондай-ақ Chery қамқорлығымен паралимпиадалық спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының чемпионатын өткізу және жеңімпаздарға жүлделер табыстау.

Бұған дейін Нұрлан Смағұлов Қазақстанның паралимпиадалық құрамасына бейнеүндеу жазып, параатлеттерге сәттілік тілеген.


