Ерсайын Нағаспаев: Ресей мен Беларусьтен келетін көліктердің бағасы күрт қымбаттамайды

Қазақстанның өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифингте Ресей мен Беларусьтен әкелінетін автокөліктердің бағасына қатысты сұраққа жауап берді. Журналистер утилизациялық алымның көтерілуі ресейлік автокөлік бағасының күрт өсуіне әкелмей ме деп сұрады.
Не өзгермек Қазақстанда Ресей мен Беларусьтен келетін автокөліктер мен ауыл шаруашылығы техникасына арналған утилизациялық алымды едәуір арттыру жоспарланып отыр. Ал Қазақстанда өндірілген, сондай-ақ басқа елдерден (оның ішінде Армения мен Қырғызстаннан) әкелінетін көліктер мен техника үшін мөлшерлемелер өзгеріссіз қалады.
Өзгерістер жобасы дайындалып, қазір талқылаудан өтіп жатыр. Кейбір жағдайларда Ресей мен Беларусьтен келетін жеңіл көліктерге арналған жаңа утильалым мөлшерлемелері ондаған есе өсуі мүмкін.
Министрдің пікірі Ерсайын Нағаспаевтың айтуынша, ресейлік автокөліктердің Қазақстан нарығындағы үлесі шамамен 3,7 пайыз, сондықтан ол бағаның күрт өсуін болжамайтынын айтты.
Министр Қазақстанда көлік таңдауы бар екенін атап өтіп, ресейлік автопромнан «Нива» немесе «Лада» сияқты үлгілерді мысалға келтірді. Сонымен қатар тұрғындар Қазақстанда құрастырылған көліктерге және қытайлық брендтерге де назар аудара бастағанын, олардың бағасы мен функционалы көп жағдайда ресейлік автопромнан жақсырақ екенін айтты.
Нағаспаев импортты реттеу шаралары айна-қатесіз (зеркалды) сипатта екенін және қазақстандықтар үшін автокөліктің қолжетімділігін сақтауға бағытталғанын жеткізді.


