Қазақстанда ауа райының нашарлауына байланысты республикалық трассалар жаппай жабылды: Астанадан шығатын негізгі бағыттар шектелді

Қазақстанда ауа райының нашарлауына байланысты республикалық трассалар жаппай жабыла бастады. Соның салдарынан Астанадан шығатын негізгі бағыттардың басым бөлігі жабылды.
Ақмола облысы 10 наурыз сағат 09:00-ден бастап көліктің барлық түрі үшін қозғалыс келесі учаскелерде шектелді:
- Астана — Қарағанды — Алматы (30–92-шақырымдар);
- Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — Ресей Федерациясы шекарасы (16–200-шақырымдар).
10 наурыз сағат 09:30-дан бастап келесі бағыттар жабылды:
- Астана — Атбасар — Жақсы — Рузаевка — Сарыкөл — Қостанай — Ресей Федерациясы шекарасы (16–135-шақырымдар);
- Астана — Қорғалжын (Қорғалжын қорығына кіреберісімен) (19–180-шақырымдар).
Аталған жолдарды ашудың алдын ала уақыты — 10 наурыз сағат 12:00.
Қарағанды облысы 10 наурыз сағат 09:00-ден бастап келесі учаскелер жабылды:
- Астана — Қарағанды — Алматы (92–164-шақырымдар);
- Астана — Қабанбай Батыр — Нұра — Теміртау (51–164-шақырымдар).
Алдын ала ашылу уақыты — 10 наурыз сағат 12:00.
10 наурыз сағат 10:00-ден бастап келесі учаскелерде қозғалыс шектелді:
- Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті (788–906-шақырымдар);
- Астана — Қарағанды — Алматы (184–197-шақырымдар).
10 наурыз сағат 10:30-дан бастап келесі учаске жабылды:
- Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті (970–1135-шақырымдар).
10 наурыз сағат 10:40-тан бастап келесі учаске жабылды:
- Астана — Қарағанды — Алматы (248–357-шақырымдар).
Аталған учаскелерді ашудың алдын ала уақыты — 11 наурыз сағат 08:00.
10 наурыз сағат 11:00-ден бастап қозғалыс келесі учаскелерде шектелді:
- Астана — Қарағанды — Алматы (357–592-шақырымдар);
- Теміртау — Ақтау — Бастау (0–53-шақырымдар).
Қозғалысты қайта ашудың алдын ала уақыты — 11 наурыз сағат 08:00.
Павлодар облысы 10 наурыз сағат 09:00-ден бастап келесі учаске жабылды:
- Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — Ресей Федерациясы шекарасы (200–254-шақырымдар).
10 наурыз сағат 11:00-ден бастап келесі учаскеде қозғалыс шектелді:
- Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті (1135–1206-шақырымдар).
Алдын ала ашылу уақыты — 11 наурыз сағат 08:00.


